Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты қалалық тамыз педагогикалық конференциясы

Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты қалалық тамыз педагогикалық конференциясы

 2025 жылғы 27 тамызда Өскемен қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты қалалық тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Оған қала мектептерінен 350 астам мұғалім қатысты.
🔹 Конференцияның негізгі мақсаты – білім беруді дамытудың басым бағыттарын айқындау және 2025–2026 оқу жылының міндеттерін талқылау. Пленарлық отырыста білім берудің негізгі бағыттары айтылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Елдің болашағы білім сапасы мен мұғалімдердің кәсібилігіне тікелей байланысты» деген ойы ерекше атап өтілді. Қатысушыларға құттықтау сөздері мен баяндамаларын ұсынғандар: Д. С. Арғынгазин, Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысының м.а., Б. Д. Даутбеков, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары, М. Г. Кистаубаев, ROQED директоры, Н. М. Тарина, №23 мектеп директоры, У. С. Ережепова, №6 «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі, Г. Р. Гареева, №46 мектептің ата-аналар қоғамдастығының өкілі. Салтанатты бөлімде қала білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқан ұстаздар марапатталды.
📌 Айта кету керек, 28 тамызда конференция аясында 12 пәндік интерактивті алаң жұмыс істеп, оған 600-ден астам педагог қатысады.
✨ Ұстаз – ел болашағын қалыптастыратын білім мен тәрбиенің басты тұлғасы!