«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
✔️Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
✔️Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысып, жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.
✔️Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабына қарасты көшелерде шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.
✔️Сонымен қатар қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 белгіленген аумақта тазалық қызметкерлері тарапынан сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі