
Универсиаданың ресми ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, дүбірлі доданың ашылу салтанатымен құттықтады. Жігерлі жастарға сенім артатындығын жеткізіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, шараға Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Шараны танымал жүргізушілер – Асылхан Төлепов пен Айдай Исаева жүргізді.