«10 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА 100 ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ» ЖОБАСЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1465 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

«10 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА 100 ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ» ЖОБАСЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1465 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ
✔️Түркістан облысында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орындарын ашу жоспарланып 1465 жұмыс орындары құрылды.
✔️Биыл өңірде 130 769 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 4 айдың қортындысымен 43 213 адам қатысты. Ал субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 34 258 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланып, нақты 18 025 адам жолданды.
✔️Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 680 адам қатысса, 11 052 адам жастар практикасына жолданып, оның ішінде 1 383 адам қатысты. Сондай-ақ, 13 956 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға 13 184 адам жолданған.«Күміс жас» жобасына нақты 59 адам жолданған.
✔️Сонымен қатар 57 221 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып, нақты 10 942 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
✔️Айта кетейік, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде жалпы саны 375 инфрақұрылымдық жоба төңірегінде 4 074 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Аталған жобалар аясында 160 жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде электрондық еңбек келісім шарты 97,1% пайызды құрап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі