
Түркістан облысына Түркияның туризм саласындағы жетекші өкілдері арнайы сапармен келді. Атап айтқанда, 18 ірі туркомпания басшылары, TURSAB ұйымының 3 өкілі және Turkish Airlines әуе компаниясының 2 өкілі Түркістанның туристік әлеуетімен танысты. Қонақтарды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қарсы алып, киелі өңірдің тарихи-мәдени мұрасы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен туризм саласындағы жаңа жобалар туралы жан-жақты ақпарат берді.