
«Түркістан облысы республикада бала туу көрсеткіші бойынша көш басында. Екі миллионнан аса тұрғыны бар облыста өткен жылы 50 214 мыңға жуық нәресте туылса, соңғы 4 айда 15 094 мың бала өмірге келген. Ал, облыстағы фертильді жастағы яғни, бала туу жасындағы әйелдердің саны - 453 235. Оның ішінде жүкті әйелдер – 42 788, қауіпті факторлармен қауіп-қатер тобындағылар - 12 745, экстрагениталды ауруларымен ауыратындар - 4 348, абсолюттік қарсы көрсеткіштері бар - 617. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 2024 жылы жатыр мойнының обырымен «Д» есепке – 132 әйел алынған. Соның ішінде 3-4 дәрежесімен 14 жағдай тіркелсе, 30 жағдайы өліммен аяқталған»,- деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысының «Ана мен бала денсаулығын қорғау ісі» жөніндегі орынбасары Мадина Ережепқызы.