
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бірқатар аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының есебін тыңдады. Мәжілісте мемлекеттегі білім беру саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылатын жұмыстар, өзекті мәселелер, жалпы жоспарлар талқыланды. Түркістан мен Арыс қалалары, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, колледжердің директорлары баяндама жасады. Оларға ескертулер мен тапсырмалар берілді.