ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды.

Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі