
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі, ауыл шаруашылығы саласына қатысты және жер телімін алу бойынша мәселелерді көтерді. Мәселен, Сарыағаш ауданынан келген азамат ұңғыма су құбырына субсидия алу және балық шаруашылығына жер беру бойынша көмек сұраса, түркістандық азаматша анасының атына жеке меншікке пайдалануға берілген жер телімі басқа адамның меншігіне өтіп кетті деп шағымданды. Ордабасылық тұрғындар облыс әкімінің орынбасарына «Ықылас темір», «Наурыз» өндірістік кооперативтерінен жер үлесін алу, балық шаруашылығымен айналысу үшін жер бөлу мәселесімен жүгінді.