ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ТҰРАҚТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ТҰРАҚТЫ
✔️Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.
✔️ Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың мәлімдеуінше, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде басталды. Облысымызға тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Үкімет аралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд.м3. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандары ағын сумен қамтамасыз етіледі. Суармалы жер көлемі 140 мың.гектар. Қазіргі таңда вегетацияға 30 м3/сек ағын су босатылуда.
✔️«Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» магистралды каналдары арқылы ағын сумен Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда вегетацияға 40 м3/сек ағын су босатылуда. Суармалы жер көлемі — 67,8 мың гектар.
✔️«Қазсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мекеме тарапынан атқарылған жұмыстар мен жоспарларды баяндады.
✔️Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев күрделі жөндеу жоспарланған су арналарына тоқталып, қаржыландыруға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттардың жайын қозғады.
✔️Аудан әкімдерінің орынбасарларына су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша бекітілген межені орындау ескертілді.
– Шаруалар ағын суға тең қол жеткізуі тиіс. Су тапшылығы орын алмау үшін барлық ықтималдар мен тәуекелдер сараланып, өзектілігіне қарай ұсыныстар әзірлеңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.
📌 Мәжіліс қорытындысымен бірқатар тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі