
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйіне барды. Ардагерлерді арнайы марапаттап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медаль табыс етті. Аудан басшысы өз сөзінде ардагерлерге ерліктері үшін алғысын білдірді.
Бүгінде ардагерлердің бірі 90-нан асқан Ысқақ Әбдіқайым. Ұстаздық қызметті абыройлы атқарып, «Үздік еңбек әулеті» марапатына ие болған қария. Сондай-ақ, 95 жастағы Рахия Кемелбек жастайынан колхоз жұмыстарына белсене араласқан тыл ардагері.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі