
Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды тазалық жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15 тасжолының, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойы және ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осы күні әр мекеме өзіне бекітілген аумақты, көше бойларын және арық-атыздарды қоқыстан тазартып, шөптерді ору жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ағаштарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды.