
Аудан басшысы сала мамандарына арнайы техниканы көрсетілген мерзімде жеткізіп, химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізіп, жұмысты өз деңгейінде атқаруды тапсырды. Жайылымдық жерлерді дәрілеу арнайы аппарат көмегімен де жүзеге асуда. Аталған аумақтарды толықтай залалсыздандыру үшін химиялық препараттар мен жанар-жағармай қоры жеткілікті.