
Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс бәсекесі аяқталды. Ерлер арасында түркістандық үш боксшы финалға жолдама алған болатын. Олар: Сәкен Бибосынов, Сағындық Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай.
54 келіде, яғни, жаңа салмақта бақ сынаған жерлесіміз Сәкен Бибосынов ресейлік Денис Пальшинді тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.