
Спартакиада қатысушыларына қолдау бірқатар кәсіпорындар демеушілік көрсетті. «Шаркул Фуд» ЖШС, «Daily Food ltd» ЖШС кәсіпорны үздік деп танылған студенттерге ақшалай сыйақы табыстады. Түркістан облысының мәслихаты мен Полиция департаменті атынан балаларға алғыс хат берілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 3 студентке ректор грантын сый етті. Халықаралық туризм және меймандостық университеті де 2 студентке тегін жоғары білім алуына сертификат берді. Бұдан бөлек, өңірдегі «БӨРТЕ МИЛКА» ЖШС, «KAZPLAST», «SERT» , «Сулайманов», «Хантекс», «Agotur», «Жерсыйы», «Қалдыбай», «Нұржан», «Ақсүт» шаруа қожалықтары бірқатар студенттерді жұмысқа қабылдау жолдамасын ұсынды.