
Киелітас ауылдық округіндегі “FISH-House” ЖШС-і балықтың сазан және форель түрін уылдырықтан (икра) көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны – 400 млн. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель , 3 тонна бекіре тұқымдас, 10 тонна жабак балығын жіберді.