
Айтулы мерекені жоғары дәрежеде атап өту арқылы ата-баба ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, жастар арасында елжандылық құндылықтарын дамыту, облыс көлеміндегі пара спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайта отырып тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, Түркістан облысы құрама командасына талантты спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Тұрышбек Елшібаев пен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев, Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының директоры Абай Қазиев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев қатысып, спортшыларға сәттілік, ал төрешілерге әділдік тіледі.