
– Басты мақсат – зиянкестер қанаттанбай тұрып оларды залалсыздандыру. Сондықтан арнайы штаб құрылып, өңдеуге қажетті аумақтар нақтыланып, секторларға бөлінді. Қандай да бір қиындық туындаса, дереу штабқа хабарлаңыздар. Барлық қажетті техника мен құралдарды жеткізуге дайынбыз. Ең бастысы – уақытты жоғалтпай, үйлесімді жұмыс жасау, – деді қала әкімі.