ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ШЫНЫ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ШЫНЫ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ
✔️Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр. Осы бағытта Ордабасы ауданы, «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС-нің базасында «Стекло Rez» ЖШС-нің шыны өңдеу және шыныны жоғары температурада шынықтыру жобасы жүзеге асты.
✔️Жобаның қуаттылығына келсек, айына 20 000 шаршы метр шыны өндіруге қауқарлы. Жалпы инвестициялық құны – 710 млн теңге. Жаңа өндіріс аймағында 2 ауысымда 10 адам жұмыспен қамтылады.
✔️Бұл – Ордабасы ауданы үшін маңызды әрі инновациялық жобалардың бірі. Өнімнің жаңа түрін шығаруға бағытталған бұл өндіріс цехы Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған.
✔️Шикізат Ресей, Түрікменстан мемлекеттері мен Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС табақ шыны зауытынан әкелінеді.
✔️Өнімдер жоғары температурада шынықтыру арқылы алынған шыны автокөліктерге, техникаларға, заманауи архитектуралық нысандардың фасадтық терезелері мен әртүрлі мақсаттағы дайын өнім түрлеріне қолданылады.
✔️Бұл жоба – аймақтың индустриялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі