ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА САЙЫСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА САЙЫСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ
✔️Кентау қаласындағы «Kentau Smart Hub» Жасанды Интеллект мектебінің оқушылары Шымкентте өткен «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді. Аталған білім ошағы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған болатын.
✔️Кіл мықтылар жиналған сайысқа Түркістан, Алматы, Тараз, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ең үздік командалар қатысып, Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.
✔️Бұл жеңіс — оқушылардың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.
✔️Бүгінде заманауи технология қарыштап даму үстінде. Жасанды интеллектті дамыту және оны пайдалана білу қоғамға оң мүмкіндіктер берері анық.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі