
Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында жас жазушы Диана Баратованың шығармашылығына арналған «Шабытқа толы жас әлем» атты кездесу кеші өтті. Әдеби жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Шымкент қаласының беделді кәсіпкері, қоғам қайраткері Батырбек Көшербаев қатысты.