
Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс деген болатын. Президенттің тапсырмасын орындау барысында нарық сұранысына сәйкес, өңірде жаңа мамандықтар ашылып, колледждер лицензия алу үстінде. Ол үшін колледждердің материалдық техникалық базасын нығайтып, өндірістен мамандар тартылуда. Сондай-ақ, Облыста 50 колледж жұмыс жасайды, онда 75 мамандықта 45 530 студент білім алуда. Өңірде жұмысшы мамандықтар даярлайтын 30 колледжде 16 100 студент білім алады. 2024-2025 жылдарда мемлекеттік тапсырысқа 15 525 орын бөлінді. Ал, жаңа 2025-2026 жылда еңбек нарығының сұранысына қарай 15 500 мемлекеттік тапсырысқа орын бөлу жоспарланған, оның ішінде 9 500-і жұмысшы мамандықтар (былтырғы жылмен салыстырғанда жұмысшы мамандықтарға 1000 орын артық).