ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
✔️Төлеби ауданында екі медициналық нысан пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, бүгін аудандағы Аққұм ауылында дәрігерлік амбулатория және Кеңесарық елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
✔️Аудан басшысы Еркеғали Әлімқұлов, ең алдымен Аққұм ауылына барды. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды құттықтады.
📌— Бүгін ашылып отырған дәрігерлік амбулатория ел игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлеріміз өз істеріне адал болып, еліміздің бұдан әрі дамуына өз үлестерін қоса береді деп сенемін, — деді аудан басшысы.
✔️Дәрігерлік амбулатория «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынды.
✔️Кейіннен аудан әкімі Кеңесарық ауылына барып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Жаңа ғимараттың лентасын қиып, ізгі тілегін жеткізді.
✔️Бұл денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы тұрғындардың қажеттіліне сәйкес, 2024 жылы басталған. Ғимарат замануи талаптарға сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Екі нысанда да ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық көмек түрлерін көрсетуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы жүргізілді. Ұлттық жоба аясында Төлеби ауданына 5 нысан қаралып, 2024 жылдың соңында 3 нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі