
Сонымен қатар «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының теңгеріміндегі В-15 және В-24 каналдарына келетін су көлемі артты. Сарыағаш өндірістік бөлімшесі аумағындағы аталған каналдарға босатылған судың көлемі аз болғандықтан, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев Өзбекстан Республикасына мамандар жіберіп, судың көлемін ұлғайтты. Қазіргі таңда күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылып, каналдар арқылы ағып келген қоқыстар тазартылуда. Шаруалардың өтініштері орындалуда.