
Түркістан қаласында олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты басталды. Спорттық шараның ашылу салтанатында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Оңтүстік Корея елінің азаматы, Азиялық байдарка және каноэ есу конфедерациясының Бас хатшысы Ким Джейк құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Мәртебелі мейман Түркістандағы салынып жатқан олимпиадалық стандартты ескек есу каналына жоғары бағасын берді.