
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі егістік алқаптарға су үнемдеу технологиялары ендіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта Ордабасы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ауданға қарасты Жеңіс ауыл округінде бақша және көкөніс егілетін 12 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілуде. Бұдан бөлек, Төрткүл ауылында 50 гектар жерге су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Бұл алқапқа мақта, жүгері егілген. Жалпы аудан бойынша тамшылату әдісімен суарылатын жердің көлемі 62 гектарды құрады.