
Инвестор неміс сапасы мен беріктігіне кепіл беретін бұл технологияның экологиялық таза өнім екенін, бюджетті 30%-ға дейін үнемдеуге, жоғары өнімділік пен тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ауа райындағы өзгерістерге төзімділік деңгейі жоғары екенін (-50, +50) және құрылыс уақытын үнемдейтінін жеткізіп, жол жабынының қызмет мерзіміне 5 жылдық кепілдік беретінін атап өтті.