
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Арыс қосалқы тарту бекетінде кеңес өткізді. Оған Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері қатысты. Жиында іске қосылатын инвестициялық жобаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, жоғарғы кернеулі желіге қосылу талаптары мен тәуекелдері талқыланды.