Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де К.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 1 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.