
Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласы, Қожатоғай ауылындағы жедел штаб құрамымен кездесіп, дайындықты пысықтады. Жұмысты үйлестіру бойынша семинар ұйымдастырылып, оған аудан, қала әкімдері мен салаға жауапты орынбасарлары, басқарма басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Семинар барысында шегіртке дернәсілдерін анықтаудан бастап химиялық өңдеуден соң тазалауға дейінгі жұмыс үлестіріліп, міндеттемелер бекітілді. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмыстарды аса жауапкершілікпен уақытылы атқаруды тапсырды.