
– Өздеріңізбен жүздесіп, ұсыныс-пікірлеріңіздщі тыңдау үшін арнайы келіп тұрмын. Мәселелерді айтып, еркін пікір алмасамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірлерді дамыту бойынша тапсырмалар бергенін білесіздер. Осы бағытта жұмыстар жанданып жатыр. Арыс – тоғыз жолдың торабында орналасқан, еліміздің теміржол тарихында ерекше орны бар шаһар. Бүгінде еліміздің көліктік-логистикалық инфрақұрылымы дамыған маңызды орталықтардың бірі. Арыс қаласында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталсам, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 4 елді мекенде 775,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2 елді мекенінде ауыз су жүйесі күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. 7,5 шақырымды құрайтын 10 көше орта жөндеуден өтті. Бір спорт нысаны тапсырылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылы 162 млн. теңгеге 24 жоба қаржыландырылса, биыл 1,2 млрд. теңгеге 140 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Шаһарда жалпы өңірлік өнім көлемі 95,2 млрд. теңгені құрап, 8 пайызға өсті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,7 пайызға артқан. Арысты жан-жақты дамыту жұмыстары жағасады. Әсіресе, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту маңызды. Ол үшін жергілікті әкімдік пен тұрғындар бірлесе жұмыс атқаруы тиіс, – деген Нұралхан Көшеров қала әкіміне бірқатар мәселе бойынша тапсырмалар берді. Сонымен бірге «Таза Қазақстан» бағдарламасын жалғастыруды тапсырды.