
Түркістан облысында Конго-Қырым қызбасына қарсы штаб отырысы өтіп, бірқатар маңызы мәселелер қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Түркістан облысының ветеринария басқармасы, «ҰСО» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы, облыс бойынша дезинфекция орталығы және онлайн байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты.