
Форум аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз алып, тұрғындарға, жастарға бос жұмыс орындары ұсынылып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге колледждерде жұмысшы және техникалық мамандық иелері даярланып, оларды жұмыспен қамту шаралары күшейтілгенін айтты. Форумда Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Бағлан Шығанов, №12 колледжінің директоры Рысбаев Ерлан баяндама жасады. Кәсіпкер Бектас Елемесов, 39 жаста мал дәрігері иесі атанған, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің мұғалімі Ербол Жассақов тақырып аясында сөз қозғады.