
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, ифрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы алға қойған міндеттерді орындау үшін баршамыз жұмыла еңбек етіп, халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуымыз қажет. Былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданындағы 13 елді мекенде құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 11 елді мекендегі 37 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Өркениет елді мекеніне дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Мәдениет үйлерінің құрылысы басталып, орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 750 млн. теңгеге 150 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 399 маманға 147,3 млн. теңге көлемінде бірреттік көтерме жәрдемақы, 126 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 131,9 млрд. теңгені құрап, 11 пайызға өсті. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 46,5 млрд. теңгеге жетіп, жоспар 13,8 пайыз артығымен орындалды. Дегенмен біз ауданның мүмкіндігі бұдан да жоғары екенін білеміз. Ауыл шаруашылығын дамыту, терең өңдеу саласын өркендету, өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, оларды көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек, – деді Нұралхан Көшеров.