
Түркістан облысында балаларды жазғы демалыс уақытында сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы 32 маусымдық демалыс лагерлері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і жекеменшік. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында мәжіліс өткізді. Жиынға облыстық Білім басқармасы, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, лагерлердің жетекшілері онлайн-офлайн форматта қатысты.