ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДАҒЫ НӘЗІКЖАНДЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДАҒЫ НӘЗІКЖАНДЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
 
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «8 наурыз – әйелдердің халықаралық күні» мерекесіне орай өзі жетекшілік ететін салалардағы ханымдарды құттықтады.
✔️Ең әуелі Түркістан қалалық емханасында медицина мамандарымен кездесіп, ыстық ықыласын жеткізді. Еңбек адамдарының, оның ішінде дәрігерлердің еңбегі мен қоғамдағы орнын атап өтіп, марапаттарды табыстады.
✔️Мұнан соң облыс әкімдігінің ғимаратында білім, денсаулық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағыттардың дамуына үлес қосып жүрген әйел басшылар мен қызметкерлерге, сала ардагерлеріне және баспасөз қызметінің мамандарына лебізін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы 40-тан астам нәзікжанды облыс әкімі Н.Көшеровтың, орынбасары Б.Тәжібаевтың Алғыс хаттарына ие болып, құрметке бөленді.
📌— Құрметті ханымдар! Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – отбасының берекесі, қоғамның тірегісіздер. Әйел – мейірімнің қайнар көзі. Қазақ әйелдері – ұлттың ұйытқысы. Өз салаларыңызда жемісті еңбек етіп, жаңа белестерді бағындырып, іскерлік пен ізгілікті ұштастырып келесіздер. Ерекше қажыр-қайрат пен жауапкершіліктің, кәсібилік пен парасаттың үлгісін көрсетіп, жетістікке жетіп жүргендеріңіз бізді қуантады. Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, сарқылмас шабыт тілеймін. Әр күн қуаныш пен шаттыққа толсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі