
– Сіздерді көктемнің аяулы мерекесі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Өмірде ананың мейірімінен асқан мейірім жоқ. «Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады» деген мақал бар. Сіздер – ұрпақ үшін ең ардақты жансыздар. Бүгінгі барлық құрмет те, тілек те сіздерге арналады. Жұмақтың кілті – ананың аяғының астында. Сондықтан ақ жаулықты апаларды, аруларды құрметтеу – азаматқа міндет, ұрпаққа парыз. Мен де Сіздерге шын жүректен басымды иіп, құрмет білдіргім келеді. Өйткені, ақ жаулықты әжелеріміздің ақ тілегі бізді бақытқа бастайды. Біздің ең басты байлығымыз – бала. Республикамызда әрбір жетінші сәби Түркістан облысында өмірге келеді. Ардақты аналарымыз демографиямен бірге экономикаға да өз үлестерін қосуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Жұмысшы аналарымызға, әпке-қарындастарымызға құрмет көрсетілуде. Аймақта еңбек етіп жүрген аналарымызды қолдау шаралары күшейтіледі. Тарихта Томирис ханшайым, Қарашаш ана, Домалақ ана, Бопай ханым сынды асыл аналар болған. Сіздер сол аналардың дәстүрлі жолын жалғап, қоғамды ізгілікке бастап жүрсіздер. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды айтамын. Баршаңызды ерекше мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір және табыс тілеймін. Әр күндеріңіз бақыт пен берекеге толы болсын! – деді Нұралхан Көшеров.