
Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қызметінің тиімділігін бағалайтын 86 индикатор әзірленді. Индикаторлардың маңыздылығы ескеріліп, ол 9 блокқа жіктелді. Индикаторлардың 77-сі салалық басқармалар тарапынан ұсынылған болса, қалған 9 индикатор облыс әкімі аппаратының ұсынысы бойынша енгізілген. Осы арқылы аймақта басшылар мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жандандыру, белсенділігін арттырып, нақты индикаторларға қол жеткізу көзделіп отыр. Облыс әкімі аталған бағалау жүйесін тағы да бір зерделеп, толықтырып, айналымға енгізуді тапсырды.