ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ
✔️Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті.
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын жеке қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік салалар мен жер мәселелерінде шешімін таппай жүрген түйткілді проблемаларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.
✔️Қабылдауға келген азаматтарға әрбір өтініш бойынша заң аясында жұмыс жүргізілетіні айтылды. Жауапты сала басшыларына ой-пікірлерді назарға алып, мәселелерді шешуді тапсырды.
✔️Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі