
Басқосуда Зұлпыхар Сансызбайұлы Заңның маңыздылығына тоқталып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, туризмді дамыту, қаланың әлеуетін көтеру жолдарын атап өтті. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру, сондай-ақ қаланың жеке дизайн коды енгізілетіндігі айтылды.