
– Киелі Түркістан мен қасиетті Тобыл-Торғай өңірінің қазіргі таңдағы ең мықты өнерпаздары жиналды. Бірінен бірі озған дүлдүлдері бас қосты. Негізгі мақсат – бәсеке емес өнер алмасу, халықтың рухани шөлін қандыру. Осы межеге кәміл жеттік деп ойлаймын. Оған бүгінгі көрерменнің қиқуы мен ыстық ықыласы дәлел, – деді «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Саяси жұмыстар департаментінің директоры Еркебұлан Жаулыбаев. Осылайша Түркістан облысының команда жеңімпаз атанып, өңірдің мерейін тасытты.