
Тазалық шарасы барысында қатысушылар бекітілген аймақты жолдар бойын, арық атыздарды қардан тазалап, қураған ағаштарды қырқу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 135 шақырым құрайтын облыстық, аудандық жолдар, 27,8 шақырым ирригациялық арықтар, 14,3 шақырым каналдар тазаланды. Сондай-ақ 205 қураған ағаштар бұталып, 14 саябақ, аллея аумақтары, 13 спорттық, балалар ойын алаңшаларында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасында 31,2 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, 18,2 тонна күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Жалпы тазалыққа 21 техника жұмылдырылды.