
Кездесуде түркиялық инвесторлар агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жобаларын таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Олар мал қалдықтарын қайта өңдеу арқылы электр және жылу энергиясын өндіруді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, биыл Түркістан облысы, Сайрам ауданынан жасыл технология негізінде биогаз өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 40 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын жылына 75 тонна органоминералды тыңайтқыштар мен 40 млн кВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылғанда 100-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылады.