
Айта кетейік, Сайрам ауданында биыл жалпы құны 74,3 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 085 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Өткен жылы құны 15,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 235 жұмыс орны ашылған болатын.