
2024 жылы 29 елді мекенді табиғи газға қосу үшін республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден 3,4 млрд. теңге қаржы қаралып, жыл қорытындысымен 21 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталған. Қарасақал, Қызылқұм, Абай, Жалпаққұм, Түркебай, Халықтар достығы, Қызылту табиғи газға қосылған. Биылғы жылдың соңына дейін елді мекендердің табиғи газбен қамтылуы 85,7 пайызға жетеді деп жоспарлап отырған мамандар соңғы 3 жылда газдандыру жұмыстарының 32,4 пайызға артқанын айтады.