
– Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Өздеріңізбен осыған дейін бірнеше рет кездесіп, жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеміз. Ендігі кезекте – лицензия алу. Одан бөлек, жоғарғы оқу орнына білікті кадрлар мен профессорларды алу, грант бөлу, студенттерді жатақханамен қамту мәселесі назарда тұр. Біз Министрлік және жергілікті әкімдік тарапынан грант бөлуге дайынбыз. Университеттің құрылыс жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біздің өңірдегі 1 мың мектепте 500 мың оқушы білім алуда. Оның ішінде, биыл 30 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Корея елінің үздік тәжірибесі Түркістан облысындағы білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, – деді Бейсенбай Тәжібаев.