
Ол бөлінген қаржыға бөдене құсын сатып алып, құс шаруашылығын жолға қойған. Сапалы әрі қолжетімді құс өнімдері ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді, құс санын көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша, 3 топтағы мүмкіндігі шектеуелі азамат іс бастап, көмекшісімен бірге кәсібін дөңгелетіп отыр.