
Әлия Әшімбекованың отбасылық кәсіпкерлік бастамасы ауыл шаруашылығын дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға өз үлесін қосып отыр. Тәулігіне 3 тонна бидайды өңдеп, 1,5 тонна ақ ұн, 150-200 келі қара ұн және 900 келі жем өндіреді. Бұл өнімдер сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленіп, жергілікті нарықта сұранысқа ие.