ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ 10 ТҮЛЕК «EKTU QUIZ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНА ҚАТЫСЫП, ОҚУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ 10 ТҮЛЕК «EKTU QUIZ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНА ҚАТЫСЫП, ОҚУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
✔️Бүгін Сарыағаш ауданында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының гранты үшін «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.
✔️Аталған сайыстың мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың білім деңгейін көтеру және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру.
✔️26 команда зияткерлік ойынның 5 кезеңінде білімдерін сынады. Жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, болашақ мамандарды қалыптастыруға бағытталған сайыс тартысты өтті.
✔️Біліктілікті анықтайтын сайыс нәтижесінде Алыбай батыр атындағы №14 мектебінің «Шабыт», №4 мамандандырылған мектеп-интернатының «Infinity» командасының қатысушылары жеңіске жетті.
✔️Тартысты ойын соңында жеңімпаздар анықталып, 10 оқушыға ШҚТУ ректорының грант сертификаттары табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі