
Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4%-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта 4 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, газ құбырларына сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған елді мекендерге көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Жалпы аудан көлемінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған.